Мешіт соққанша, мектеп соқ деп айтсаңыз, Алла алдында жауап бересіз - Қабылбек Әліпбайұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешіт соққанша, мектеп соқ деп айтсаңыз, Алла алдында жауап бересіз - Қабылбек Әліпбайұлы

Мешіт соққанша, мектеп соқ деп айтсаңыз, Алла алдында жауап бересіз - Қабылбек Әліпбайұлы

Имам, уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы "мешітті неге көп сала береді" дейтін көпшілікке жауап берді.

  • 21 Мамыр
  • 707
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қабылбек Әліпбайұлы мешіт салуға наразы халыққа, әрбір сөзіңіз үшін жауап бересіздер деді.

Қазір көпшілік мешіт соққанша, мектеп соқпайсыңдар ма дегенді жазбаңыздар ешқашан. Және де қайталап айтамын, кейде қарап отырсақ, Алланың діні, Алланың мешітіне қатысты сөздер айтамыз деп, небір осындай Алладан келген бәлекеттерді көріп жатырмыз, Алла сақтасын! Сол үшін қазақ айтады: «Барлық бәле — тілкен келеді» дейді. Оны айтпасаңыз да, пікіріңізге, сіз айтқан секілді үкім беріледі.

Сол секілді, жас болса да Аллаға сәжде қылып, мешіт соғып жатқан жастарды қолдап, жақсы пікір жазып кетіңіз. «Бәрекелді! Алла разы болсын! Пайңамбарымыз (с.а.с.) айтып кеткен еді: «Кім мешіт соқса, Алла оған жаннатта осындай пейіш нәсіп етеді» деген сөздерді жазыңыздар. Бұл — жақсылық. Ал, бірақ, жаңағыдай жаман пікір қалдырсаңыз, оған ертең жауап бертініңізді ұмытпаңыз. Өйткені әрбір ісімізге, әрбір сөзімізге, әрбір жазған пікірімізге адамның алдында, Алланың алдында жауап беретініңізді ұмытпаңыз, — деді.