БҚО-да ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізі тәркіленді

БҚО-да ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізі тәркіленді

БҚО ПД Казталов аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ақбөкендердің мүйіздерін тапты.

  • 21 Мамыр
  • 6
Сурет: ҚР ІІМ

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Казталов ауданы тұрғынының гаражын тінту барысында полицейлер ақбөкеннің 226 мүйізін тауып, тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі бойынша 10-20 мамыр аралығында 103 қылмыс анықталды.

Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 88 азамат ұсталды, олардан 13 бірлік атыс қаруы, 4 есірткі заты, 5 оқ-дәрі және 64 жаншып-кескіш құралдары тәркіленді.

Детоксикация орталығына қоғамдық орындардан 366 азамат оқшауланды, қабылдау-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 45 адам жеткізілді, сондай-ақ бейімдеу орталықтарына 8 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Аталған іс-шара барысында 5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 435 ұсақ бұзақылық, 491 ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру. Сондай-ақ, көлік құралдарын масаң күйде басқарған 73 жүргізуші ұсталды.

Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады.