Бұл туралы ол «Спорт министрі» You Tube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«2019 жылы спорттан кетіп қалғым келді. Алматы облысы маған ол кезде айлық төлеген жоқ. Ол кезде өзім студентпін, маған ақша керек. Сабақ пен жаттығуды қатар алып жүре алмадым. Сол кезде маған бір жерден айлық алу керек болды. Сол кезде өзімнің жеке бапкерім Нұрбол Сүлейменов шамалы шыдай тұр, күресті тастама деп мені алып қалды. Спортты бір рет осы кезде тастап кеткім келген. Екі аптадай мүлде жаттығуға бармай қойдым. Қазір жаттықтырушыларым қалғаның жақсы болды деп айтады», — дейді ол.
Спортшы олимпиададан жүлде алып, қаржылық мәселесін шешкісі келетінін де жасырмады.
«Олимпиададан орын алу — маған мотивация. Мемлекеттің берген ақшасына өзіме үй сатып аламын. Қазір тұрып жатқан үйім отбасыммен тұрып жатқандықтан кішкентайлық етеді. Ол үйді отбасыма тастап, өзім бөлек үй аламын. Сосын машина аламын», — дейді Әбиба Әбужақынова.