Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында жағдай тұрақталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылды. Олар — Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жол төсемінің бойында ұзындығы 800 метр және биіктігі шамамен 1,5 метр бөгет тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.