Жігіттер! Блогер қыздарды қатын қылмаңдар! Олар сорлылар - Жарқын Мырзатай - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жігіттер! Блогер қыздарды қатын қылмаңдар! Олар сорлылар - Жарқын Мырзатай

Жігіттер! Блогер қыздарды қатын қылмаңдар! Олар сорлылар - Жарқын Мырзатай

Уағызшы Жарқын Мырзатай жігіттерге кеңес айтты.

  • 28 Мамыр
  • 246
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде жартылай жалаңаштанып та, орамал тағып та жүрген блогерлердің жасап жүрген әрекеті дұрыс емес екенін уағызшы талқылап, талдап жеткізді.

— Мен мұны жігіттерге айтып жатырмын. Осыны қыздар естісе, кішкене ойланса екен. Мына блогер қыздарды алмау керек. Өйткені, ол 10 мың оқырманы бар қыз, саған қатын болып жарытпайды. Олар оқырмандарының лүпілі үшін бәрін істейді. Бүкіл сұлулығын желіге салып жүрген қыздар қатын болып сенің үйіңде отырып жартыпайды. Алмау керек оларды. Түріне қызығып аласың ба? Өмір бойы оны қызғанып өтесің. Ол сорлылар желіден видеоларын алып тастап та үлгере алмайды. Кеткен ғой тарап бүкіл жерге. Мейлі, хиджаб киіп алған болса да, сұлулығын көрсетіп тұр ма болды. Неге шығады ол. Әйел адам желіге шығып, жеке өзінің әйел аамдарға арналған каналы болса, ол басқа әңгіме. Олар бүкіл желіге шығып, еркектер де көреді. Дұрыс емес ол. Өздерінше отырып алып, уағыз айтады. Еркектер сұлулығына, фигурасына қарап отырады. Әдемі екен деп отырады. МҰның бәрі қате!

Тіпті, махрамсыз қыжылық пен умраға баратындар бар. Жамағатпыз деп қояды. Ол жақта еркектермен сөйлесіп мәз болып жүреді. Бір-біріне «қажылығыңыз қабыл болсын, тамақ ішіп отырса, сізге де ас болсын» деген сөздерді айтып, жылы-жылы сөйлесіп жүреді. Бөтен еркекпен сөйлесуге болмайды шариғатта.

Сондықтан, шариғат тыйым салған нәрсенің бәрі жайдан-жай емес. Осыны дұрыс түсінседеймін, деді уағызшы.