Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Бүгін мен үшін Алланың қалауымен Ұлы күн, тарихи сәт болды. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Раббым әр сәт сайын өзіңнің шексіз мейіріміңмен махаббатыңды сезінудемін. Сансыз шүкіршілік. Бүгін Әлемге әйгілі Құран кітаптың 20 нұсқасын жазып, соның 500 мил көшірмесі таратылған,Шейх Усман Тохә атамыздың қолын сүйіп, батасын алу бұйырды.Бұл менің өмірімдегі қаншама орын алған оқиғалардан кейінгі өзімді ең бақытты жан сезініп, жан дүнием толықтай тазарғандай күй кештім. Ол кісі Қазақстанға келеді деген сәттен көңілім алай дүлей жолығып батасын алғым келді, бірақ қайдам ол бұйыра қоймас деп іштей үміт үзген едім. Раббым пендесінің ойына өзі бұйыратын нығметті ғана салады екенғой. Аллахтың құдіреті шексіз пендесіне қайырлысын бұйырады. Бір кезде қашанда қолдау көрсетіп, жанымнан табылатын өнердегі үлгі тұтар әпкем Маржан Есжанова анам хабарласып сол кісі тұрақтаған мейрамханаға шақырды. Көзімнен жас тоқтар емес бір көріп қалу бақыты бұйырды ғой деп алып ұшып жетіп бардым. Алланың берген дарынымен алдында ән шырқадым. Ән айтқаныма еркеше ықылас білдіріп жанына шақырып: -“ Қызым, дауысың қандай керемет Аллах берекет берсін” — деген ақ батасын берді. Қолынан қасиетті Мекккенің иісі аңқып тұрған атаның қолын сүю бақыты бұйырды. Өмірім түбегейлі оң жақа өзгергендей күй кештім Ин шаа Аллах солай болғай. Осы күнді бұйыртқан Аллаға шүкір деймін. Бұл керемет күннің болуына себепші Маржан әпкеме қашанда алғысым шексіз.
Алл️аға сансыз шүкіршілік”, — деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесінің бұл қылығын қатаң сынауда.
”Не болды құдай көргендей жүгіріп”, “Құранды жазғаны несі, ол бұрыннан бар құран ғой”, “Сен де осындайларға сенесің бе”, “Не болды қолынан сүю бақыт деп”, “Алладан басқаға табынбау керек”, — деп жазды олар.