Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, ережеге келесі жаңа функция қосылды:
- жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда үміткерлердің ұлтын растайтын тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Құжат 10 маусымға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этникалық қазақ оралды.