,Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға төменгі бөлшек сауда бағаларын мынадай мөлшерде бекіту көзделген:
- 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге болды.
Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған.