"Қолы бос, кәсібі жоқ адам той тойлайды": Абайтанушы еліміздегі той жасау дәстүрін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолы бос, кәсібі жоқ адам той тойлайды": Абайтанушы еліміздегі той жасау дәстүрін сынға алды

"Қолы бос, кәсібі жоқ адам той тойлайды": Абайтанушы еліміздегі той жасау дәстүрін сынға алды

Қазақ халқы неге той тойлағыш? Біз 20-30 жыл ішінде ұлттың деңгейін көтере алмай, кәсіпқой ұлтқа айналдыра алмағанның көрсеткіші.

  • 28 Мамыр
  • 46
Фото: ашық дереккөз

Белгілі ғалым, Абайтанушы Омар Жәлелұлы еліміздегі той жасау дәстүрін сынға алды. Оның сөзінше, тойды тек тойынған адам, байлығымен бөлісу үшін жасау керек. Ол бұндай ойымен Qazaq Airan ютуб арнасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қытайларда той жасау секілді әдет жоқ, өмір бойы жұмыс істейді. Қазақтар секілді кез келген қуанышқа арнап жасайтын тойлар Түркияда да жоқ. Бұл қазақтардың халық ретінде бос уақыты көп, өз ісі мен кәсібі жоқтығын аңғартады. Жеке кәсіппен айналысатын қазақтар аста-төк тойлардан бас тартып жатады. Ал Қазақстан жағдайында кәсібі жоқ, тұрақты жұмысы жоқ адам өзін жұбату үшін той жасай береді.

Біз 20-30 жыл ішінде ұлттың деңгейін көтере алмай, кәсіпқой ұлтқа айналдыра алмағанның көрсеткіші. Біз бірінші орынға кәсіпті қоюымыз керек. Өзбек халқында той жасау бар. Бірақ олар тойды таңғы алтыда жасайды. Неге? Себебі кәсіптің ыңғайына бағады. Таңертең таңғы намаздан соң тойға келеді, тойып алады да, жұмысына кетеді. Бұл кәсіпқой ұлттың тірлігі.

Кәсіптің ең үлкені — ғылым. Кезінде белгілі ғалым Қаныш Сәтпаев ешқашан тойға бармаған. Біріншіден уақытым кетеді, екіншіден көп тамақ ішіп, асқазанымды құртамын. Жұмысыма зияны тиеді деген екен.

Той деген жылу жинау емес. Той деген өзіңнің байлығыңмен бөлісудің түрі», — дейді Омар Жәлелұлы.