Қазақстанда вагон өндірісі айтарлықтай өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда вагон өндірісі айтарлықтай өсті

Қазақстанда вагон өндірісі айтарлықтай өсті

Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. 

  • 29 Мамыр
  • 12
Фото: Railways Systems KZ

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті.

Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды.

Бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 вагон ғана құрастырылған.