Ескерту! Алаяқтар Антикор атынан да қоңырау шала бастапты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ескерту! Алаяқтар Антикор атынан да қоңырау шала бастапты

Ескерту! Алаяқтар Антикор атынан да қоңырау шала бастапты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан жалған қоңырау шалатындар табылып жатыр

  • 30 Мамыр
  • 11
Сурет: pixabay

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді, делінген Антикор хабарламасында.

Осыған байланысты ел азаматтарын аталған агенттік жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.

«Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.