Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды

Шахтинск қаласынан екі шақырымдағы Ленин атындағы шахта аймағындағы жасанды су қоймасында 1958 және 1967 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • 2 Маусым
  • 4
Фото - Caravan.kz

Өңірлік ТЖД мәліметінше, олар 1 маусымда қайықпен су айдынына шығып, сол күйі кері оралмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«2 маусымда сағат 04:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен жағадан 500 метр қашықтықта моторлы қайық ішінен 1958 жылы туған ер адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда», делінген хабарламада.

Ал 1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті және еріктілердің күштері жұмылдырылды.

«Қарағанды облысының ТЖД балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады: су құралында құтқару жилетін киіңіз немесе құтқару құралы болуы керек. Ықтимал ТЖ кез келген алғышарттары туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондары бойынша қоңырау шалыңыздар!». Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі