"Жетісу" футбол клубының директоры екі айға қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жетісу" футбол клубының директоры екі айға қамауға алынды

"Жетісу" футбол клубының директоры екі айға қамауға алынды

Бұл туралы Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан хабарлады.

  • 3 Маусым
  • 8
Фото - Caravan.kz

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Zakon.kz порталына 2 маусым күні Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан хабарлады.

«Сот шешімімен тергеу органдарының Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», — деп түсіндірді сот.

Бұған дейін кейбір БАҚ «Жетісу» футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Оның 1,8 миллиард теңгені ұрлады деген күдікке ілінгені атап өтілді.

Бұған дейін Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.