"Біреудің қызы мал емес": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне күн көрсетпейтін енелерге үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біреудің қызы мал емес": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне күн көрсетпейтін енелерге үндеу жасады

"Біреудің қызы мал емес": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне күн көрсетпейтін енелерге үндеу жасады

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова енесінен таяқ жейтін келіндерге қатысты өз ойын ортаға салды.

  • 4 Маусым
  • 40
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, мұндай енелер барды бағалай білуі керек екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол желілегі танымал парақшалардың біріне, пікір ретінде қалдырып, жазған.

«Ойебааай, не деген сұмдық, себепсіз ұрып тепкілеп біреудің қызы мал емес шығар, келін басқа амалын жасауға болар еді ғой, тәкаппарлығының түк те жоқтығы момындығы болып тұр ғой. Сондай алтын мінезді келінін алақанына салып отырса, ол да енесі үшін жанын берер еді ғой. Біреудің келіні бұзық, бірінің енесі бұзық, эх өмір-ай, бірін-бірі кінәлап. Алла соншалықты пендесіне барлық мүмкіншілікті жасап қойды, амандығына, өмір сүріп жатқанына шүкіршілік етіп сүруге болмас па еді? Барында бағаламайтын адамдар, арғы жақты бір ойлап қойса игі еді, бәрінің сұрауы бар, Алланың шеберлігін ұмытпау керек. Күніге еститініміз жан түршігерлік оқиға», — деп жазған ол.