Жамбыл облысында орман алқабы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында орман алқабы өртенді

Жамбыл облысында орман алқабы өртенді

Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

  • 5 Маусым
  • 11
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысындағы таулы аймақта орман өрті орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, 2024 жылдың 4 маусымында сағат 16:20 шамасында «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі орын алды, ауданы шамамен 1650 гектар.

«Барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлері 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль жұмыс істейді, күндізгі уақытта 1 тікұшақ және Қазавиаақорғаудың 6 қызметкері тартылды»,- деп толықтырды Жамбыл облысы ТЖД.