"Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да уақыт бөліп, кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң" - Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да уақыт бөліп, кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң" - Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға

"Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да уақыт бөліп, кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң" - Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила "Тәңіршілдердің құрылтайшысы" туралы айтқан Бекболат Тілеуханға жауап берді.

  • 5 Маусым
  • 799
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бекболат бауырыма бірер сұрақ:

1. Құдай қазаққа өш пе? Неге , Швецию, Норвегию, Финляндию, Мальту и Барбадос елдерінде ешқашан жерді сілкімейді, ал Қазақстандағы жерді сілкиді?

2. Құдай неге Алматыға өшігіп алған? Неге Солтүстік облыстарда жерді сілкімейді? Егер Тәңіршілдер өз құрылтайын Астанада не Көшетауда жасаса не болар еді? Сол жерді сілкиді ме, жоқ бәрібір сол Алматыға кәрін төге бере ме?

Жалпы Бекболат көзі ашық, көп оқыған адамсың ғой, жердің сілкінісі жайлы ғылым не дейді екен? Ғылымды оқыған адамдардың жазғанын бір шолып шықсаң. Дінде де «Оқы, Оқы және Оқы» деген ғой. Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да бірауық уақыт бөліп, содан кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң..», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.