"Отандық көлікті сатып алғандар утиль алым төлемеді": Үкімет тағы не айтты? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отандық көлікті сатып алғандар утиль алым төлемеді": Үкімет тағы не айтты?

"Отандық көлікті сатып алғандар утиль алым төлемеді": Үкімет тағы не айтты?

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр қоғамда қызу талқыланған утиль алымы мәселесіне қатысты сауалға жауап берді.

  • 5 Маусым
  • 16
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда утиль алым төлемі Ресейден үш есеге аз екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазір Қазақстанда 20 миллион тұрғынға шаққанда 5 миллионнан астам автомобиль бар.

Бірақ көлігі жоқ адамдардан «Сіз ескі көліктердің жүруіне қарсы емессіз бе?», «Сіз осындай ескі көліктерден бөлінетін зиян газбен демалғыңыз келе ме?” деп ешкім сұрамайды.

Барлық кедергіні, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеуді алып тастау ескі машиналардың елімізге көптеп жеткізілуіне, экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соғады. Онда біз барлық елден 20, 30 жыл бұрынғы көліктерін алып, олардың базарын босатайық. Олар өздеріне жаңа көліктер алады, бізде бәрі ескі болады.

Біз өз өнеркәсібімізді қолдауымыз керек. Былтыр біздің автоөндірушілер 142 мың көлік шығарды. Сол көліктерді сатып алғандар утилизациялық алым төлеген жоқ.

Әрине популистікпен менікі “жақсы, арзан көлік” деп айтуыма болады. Мәселен, жас жігіт 18 жасқа толған соң, 500 долларға көлік сатып алып, жүргізіп мәз. Бұл жақсы шығар. Бірақ олар қалған 15 миллион адамнан “сіз осы машиналардан шығатын газды жұтқыңыз келе ме?” деп сұрады ма? Олардың да үні тыңдалуы керек, сондықтан министрлік тиісті шешім қабылдайды”, – деді Роман Скляр.

Сонымен қатар ол Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін кедендік баж салығы автокөліктерге 30% болғанын айтты. 

«Қазақстан ДСҰ-ға кіру арқылы өзіне міндеттемелер алып, өз нарығын ашты. Кедендік баж салығы 15%-ды құрады. Дегенмен, көлік шығаратын және кәдеге жарату алымын енгізген Ресей Федерациясымен және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, біз бұдан қалыс қала алмаймыз. Олар утилалымын енгізді, жауап ретінде біз де бұл төлемді енгіздік», — деді ол.

Бірінші вице-премьер жанама салық түрінде түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалатынын атап өтті. «Жасыл даму» АҚ мұны жыл сайын өз есептерінде көрсетеді. Сонымен бірге отандық автопаркті жаңарту, қалдықтарды қайта өңдеу саласын қалыптастыру және өз өндірісін дамыту бойынша басқа да міндеттер шешілуде.

«Мәселен, 2022 жылы жеңілдетілген автокредит беруге 100 млрд теңге, автобус лизингіне – 30 млрд теңге бағытталды. Тракторлар мен комбайндардың лизингіне 2023 жылы 50 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, өңдеу саласын қаржыландыруға 265 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде: 185 млрд – қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға, 50 млрд теңге – ҚР ТЖМ негізгі құралдарын жаңартуға, 15 млрд – автобус лизингіне, 10 млрд – орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары үшін өртке қарсы техниканы сатып алуға жұмсалады», — делінген Үкімет таратқан хабарламада.

«Айта кетейік, бізде кәдеге жарату төлемі қазір Ресейден 3 есе төмен, егер Өзбекстанды алсақ, онда утилизациядан басқа 100%-дан астам кедендік баж бар. Өзбекстан өз нарығын біздікінен әлдеқайда кең ауқымда қорғайды”, – деді Скляр.