Бұл туралы ол «Ashyp Podcast» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Кезінде мемлекеттік атаққа ұмтылдым, жігіттер жіберген. Бір рет өзімнен 1 жас үлкен аға айтты. «5 мың доллар берсең ертең алып береміз атақты» дегенге жақындатты. Мені қазақтар онсыз да біледі. Бәрі білмесе де 35-тің бесеуі біледі. Маған олай сатып алған атақ керек емес. Әйтпесе ол кезде ақша болған. Тойың ол кезде 4,5 мың доллар. Содан кейін 2-3 рет ұсынды. Соңғы министрдің қолына барған кезде 2 рет өтпей қалды. Ұсынған жігіттер «мынау отырғанда сен өтпейсің» деді. Өйткені, жас кезде ұстасып қалған кездеріміз болған», — деді актер Алмат Сақатов.