"Қалаулым" арқылы танылған Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелі туралы: "Жүкті кезінде шапалақпен тартып, жұлқылағаным рас" - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалаулым" арқылы танылған Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелі туралы: "Жүкті кезінде шапалақпен тартып, жұлқылағаным рас"

"Қалаулым" арқылы танылған Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелі туралы: "Жүкті кезінде шапалақпен тартып, жұлқылағаным рас"

"Қалаулым" жобасы арқылы танылған Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелін шапалақпен тартып, жұлқылағанын мойындады.

  • 7 Маусым
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Анна Данченконың Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ол кісі шектен шығып кетті. Түсінетін адам өзі түсініп алар. Баланың дүниеге келуіне 1 айдай уақыт қалған. Сол екеуміз қатты сөзге келдік. Сол кезде шапалақпен тартып, жұлқылағаным рас. Екеуміз қырылып жатқанда ағасы кіреберісте әңгімемізді тыңдап тұр екен. Менің анам екі ортада «қой» деп жүр. Ол ағасын көріп одан сайын жылады. Менің мақсатым Шынардың ағасымен сөзге келіп қалмау болды. Ол қарындасын алып, үйден шығып кетті. Мен ертең келгесін сөйлесемін деп ойладым. Ағасынан да, жеңгесінен де қатты ыңғайсыздандым. Отбасы болғандықтан бүгін ұрысып, ертең татуласамыз. Қатты ашуланып анамды да тыңдамай қойдық, анам да үйден шығып кетті. Анамның артынан шығатыным хақ. Ол ағасы мен жеңгесімен бірге қалды. Ағасы мен жеңгесі екеуміздің арамыздағы әңгімеге араласты. Аяқ киімімді киіп жатып, ағасына айтқан сөзім әлі есімде. Содан кейін ағасын да, Шынарды да көрген жоқпын. Ағасына «қарындасыңа біраз ақылыңды айтарсың» дедім. Кешке үйге келсем, кетіп қалған екен. Ол кісіге «қайта, сенде басқа таңдау жоқ» дедім. «Жоқ, қайтпаймын. Осыдан кейін екеуміз ажырасаамыз» деді. «Мен өзім туып қалсам, әке-шешемнің жанына жетіп алайын» деген сөздер айтыпты. Бірақ ол бірден барған жоқ. Алматыдан Астанаға барып, сонда қыдырып, кейін жеткен. Бәрін есебімен дайындалып жасаған. Мен мұнда перзентханамен сөйлесіп қойғанмын. Бәрін реттеп, дайындап жүрдім. Жүрегімді суырып алып кеткендей болды. Сол кезде ашудан көзім көрмей қалды. Ол маған сатқындық жасады, ол менің адамым деп қалдым ғой. Иә, менікі дұрыс емес шығар. Боқтаған кезім болды. Қабылдамай алған кездерім болды», — деді Ислам Алтайбаев.