"Намаз оқитын қаншама оңбаған еркек бар": Түсінде "Пайғамбарды көрген" қазақ қызы хиджабын шешіп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намаз оқитын қаншама оңбаған еркек бар": Түсінде "Пайғамбарды көрген" қазақ қызы хиджабын шешіп тастады

"Намаз оқитын қаншама оңбаған еркек бар": Түсінде "Пайғамбарды көрген" қазақ қызы хиджабын шешіп тастады

Желіде түсінде Пайғамбарды көрдім деген қазақ қызының видеосы тараған болатын.

  • 10 Маусым
  • 353
Фото - Caravan.kz

Өзін Назерке деп таныстырған қыз енді хиджабын шешіп тастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бойжеткен мұндай шешімге ҰҚК өкілдерінің көмегімен келгенін айтқан.

Көпшілікке ТикТок әлеуметтік желісінде “Түсімде Пайғамбарды көрдім!” деп танымал болған блогер Назерке қыз хиджабын шешіп тастады.

Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деген ол ҰҚК қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді. “КНБ-нің адамдары жаман дейді. Олай емес. Маған “қазағымның қызы” деп жәрдем берген сол КНБ-ның адамдары. Оларға алғысым шексіз! Олар көмектеспегенде, қазір не боларын кім білсін” деді.

Тікелей эфирде отырған 500-ден астам кісінің бір бөлігі “сатқын, дініңді саттың!”, “сенікі хайп болды”, “мұсылман емессің”, “тозақта жанасың”, “оңбаған, жезөкшесің”, “дінге күйе жақпа”, “бұған жын кірген”, “кәпір” деп пікір жазса, енді бірілері ботадай боздап отырған қыздың телефон нөмірін сұрап, “демалайық” деген мағынада пікірін қарша боратуда.

“Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де — жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді” деген ол әйел ретінде өзiн басқалардың түсінуін өтінді.