"Тіліңді шығарады ғой күйдіріп": Танымал журналист уақытты ауыстырған шенеуніктерді балағаттап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тіліңді шығарады ғой күйдіріп": Танымал журналист уақытты ауыстырған шенеуніктерді балағаттап тастады

"Тіліңді шығарады ғой күйдіріп": Танымал журналист уақытты ауыстырған шенеуніктерді балағаттап тастады

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы уақытты ауыстырға шенеуніктерді қатаң сынға алды.

  • 11 Маусым
  • 67
Фото - Caravan.kz

Ол атқамінерлерден бұрынғы уақытты қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист өткір пікірін өзінің желідегі парақшасында жазған.

«Осы уақытты ауыстыруды кім ойлап тапты? Тыныш отырған бүркітті нелерің бар түртіп? Мына жаз — жаз болмай кетті. Есеңгіреп жүрген мен ғана ма десем, жұрт та күн мен түнді ауыстырып алдық деп шағымдануда. Алматыда таң сағат 3:35-те атады, кеш сағат 19:35-те батады. Парадокс! Қайтарыңдаршы бұрынғы уақытты, құдай үшін!

Сағаттың тілін бұрап отырғанша, утильсборды қолға алсаңдаршы! Әлгі Төреғалидың Павлодарда айтқан ұятсыз мақалын жазайын десем, Халықтан ұят. Бірақ та, тіліңді шығарады ғой күйдіріп…

Қайтарыңдар бұрынғы уақытымызды!!! Пы-Сы: Осы уақытты ауыстырайықшы деген шенеуніктің құйрығына шиқан шығып, креслосында отыра алмай қалсын, ал, керек болса!», — деп жазды ол.