”Біреуге ақыл айтар алдында өзіңнің өміріңе қара”: Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаева туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Біреуге ақыл айтар алдында өзіңнің өміріңе қара”: Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаева туралы

”Біреуге ақыл айтар алдында өзіңнің өміріңе қара”: Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаева туралы

Әнші Жеңіс Ысқақова айтыскер ақыннан психологке айналған Айнұр Тұрсынбаеваны қатаң сынға алды.

  • 17 Маусым
  • 3120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Adam adam” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Өткенде мен бір жігіттің видеосын көріп қалдым. “Ей айналайын, Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой. Негізі ақын ретінде ол кісіні жақсы тыңдайтынмын, жақсы сыйлайтынмын. Ол ақын болып жүре беруі керек еді. Соны тыңдап менің келіншегімнің мектебінде мұғалім”, — дейді. Сол мұғалім Айнұр Тұрсынбаеваның уағызын сатып алып, 60 мың теңгеге іш киім сатып алыпты. Анау жігіт дөрекі айтты. Соның ақшасын төлемей, қарызға алған. Айлықты уақытында бармай, сатушы келіп “іш киімнің ақшасын төле” депті. Қымбат іш киім киемін деп соны төлей алмай жүр екен. Анау жігіт “Айналайындар-ау, сендер Айнұрды тыңдап еш уақытта қымбат іш киім кие алмайсыңдар. Қымбат іш киімді Айнұр киеді, сендердің ақшаларыңа. Ал сендер өмір бақи тиын санап жүресіңдер. Сондықтан ондайларыңды қойыңдар” дейді. Бұл деген енді ұят. Кім, кімге ақыл үйреткендей қазір?! Сен біреуге ақыл үйретпеу түгілі, біреуге бірдеңе айтар алдында “былай өмір сүр, былай өмір сүр” деудіі алдында өзіңнің өміріңе қара, ағысыңа қара, алдыңа қара”, — деді Жеңіс Ысқақова.