"Қолым мұрнына тиіп кетті": Әйелін соққыға жыққаны үшін басы дауға қалған “Меломен” тобының әншісі даулы видеоға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолым мұрнына тиіп кетті": Әйелін соққыға жыққаны үшін басы дауға қалған “Меломен” тобының әншісі даулы видеоға қатысты пікір білдірді

"Қолым мұрнына тиіп кетті": Әйелін соққыға жыққаны үшін басы дауға қалған “Меломен” тобының әншісі даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Әйелін соққыға жыққаны үшін басы дауға қалған “Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы даулы видеоға қатысты пікір білдірді

  • 17 Маусым
  • 51
Ашық дереккөзден

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, өнер иесінің бұрынғы жұбайы көпшілікке «соққы алған» кезінен бейнежазбаны көрсеткен еді.

“Тарап жатқан видеоға қатысты айтайын. Мен үш бала тәрбиелеп отырған адаммын. Әйеліммен екі жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Бұрынғы келіншегім видео салыпты. Сол жайында айта кетейін. Ешқандай қоспасыз, бояусыз, жігітше бар шындықты айтамын. Мен өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оған бүкіл әлем қарсы. Мені тиран деп айыптап жатыр екен. Негізі мен өзімді ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адаммын”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сондай-ақ, әйелінің мұрнын қан-жоса етіп қанатпағанын, әдейі істемегенін айтып ақталды. 

“Сол видео түсірілген күн туралы айтайын. Бұрынғы келіншегім қасымда болды. Мен көлік жүргізіп келе жатырмын. Көлікте екеуміз ғана болдық. Арамызда келіспеушілік болып, ол айқайға салды. Мен барынша бұл жанжалды тоқтатуға тырыстым. Мен оны ұрған жоқпын. Қолыммен «қойшы болды» дегенде қолым мұрнына тиіп кетті. Жұдырықпен емес. Мен оны әдейі істеген жоқпын. Ер адам болған соң, ашуға бой алдырдым. Күндізгі уақыт еді. Мен мешітке кіріп кеткен кезде ол видео түсіріп алыпты. Сол бейнежазбаны соншама уақыт бойы не үшін сақтағанын түсінбедім. Ол үш жарым жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кезде балдызымнан ұят болды. Одан кешірім сұрадым. Келіншегім екеуміз де бірнеше күннен соң татуласып, жақсы өмірімізді сүріп жатқан едік. Сен арың таза, маған адал келіншек болдың. Бірақ мына ісің ұят болды», – деді әнші. 

Еске салайық, «Дәлел болатын фото-видео бар» деп блогер Нұрила Ақберен соққыға жығылған сәтінен видео жариялаған еді.