"Өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау": үш рет тұрмыста болған Ақбота Керімбекова сұмдық жағдайға тап болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау": үш рет тұрмыста болған Ақбота Керімбекова сұмдық жағдайға тап болды

"Өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау": үш рет тұрмыста болған Ақбота Керімбекова сұмдық жағдайға тап болды

"Өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау": үш рет тұрмыста болған Ақбота Керімбекова сұмдық жағдайға тап болды

  • 17 Маусым
  • 1290
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өз репертуарындағы әндерін халықтың «емдеу» мақсатында қолданып жүргенін айтып, таңданысын жасырмады.

Ол «Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау!» деп екі әнінің бірдей ұятты әрекетте халықты алдап-арбап емдеушілердің видеосын жариялады. «ншінің айтқанындай, «аңқау елге арамза молда болған» сәтте емес екеніміз анық.

“Бәрін көрдім”,-деуге болмайды десек те, маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйыртып, көп нәрсеге қанықтық, бірақ, дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ, адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?..

Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарты, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар, оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді “аппақ гүлдетіп” тұрған кісіге Құдай сана берсін!..

Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына “ақылыңды жойма, ақырыңды ойла”,-деп отырушы еді!..

Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау! Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны ше», деп әнші еріксіз күлді.

Видеодан әншінің «Әппақ гүлдер» әнін орындап, айқайлап тұрған топты көруге болады. Одан соң тағы да әншінің екінші әнін орындаған.

«Ол кездерде кекіргеннің бәрі емші еді ғой», «Нағыз оңбаған жын ойнақ қылған екен ау аңқау жандарды», «Осындайға қалай сенеді халық, миым жетпейді. Ауырсаң дәрігерге бар, дұға тілесең Алла бар», деп жазды оқырмандар.