"Құрбан айтта тым болмаса таза мал сойсын": Алматы базарындағы антисанитария халықтың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құрбан айтта тым болмаса таза мал сойсын": Алматы базарындағы антисанитария халықтың ашуына тиді

"Құрбан айтта тым болмаса таза мал сойсын": Алматы базарындағы антисанитария халықтың ашуына тиді

Жексенбіде қазақстандықтар құрбандық шалып, қасиетті құрбан айт мерекесін тойлады.

  • 18 Маусым
  • 23
Фото: instagram.com/_t_manarbekovna_

Алайда Алматының базарында сол күні орын алған келеңсіз жағдайлар халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жексенбі күні «Тау Самалы» базарына қой алуға барған қала тұрғыны көргенін бізге баяндап берді.

«Біріншіден, халық өте көп. Тазалық жоқ. Барлық жер бығып жатыр. Толық антисанитария. Екі жыл бұрын дәл осы базардан қой алғанмын. Ол кезде тәуір еді. Биыл тіпті өзгеріп кеткен.

Ең кішкентай қойдың бағасы — 60 000 теңгеден басталады, үлкендері — 100 мыңнан асып түседі. Қойды сатып алғаның шаруаның басы. Оны сойып беру үшін 10 000- 15 000 теңге аралығында төлейсің. Қасапханаға жәй кірудің өзі — 3500 теңге. Басын ұйыту — 1000 теңге, ішек-қарнын тазалап бергендерге — 2000 теңге. Барлығы ақша.

Қойды сойып жатқан жерлері де таза емес. Бірінің үстіне бірін лақтырып, қанын толық ағызбай, тез-тез сойып беріп жатыр. Құрбан айт мерекесі ең алдымен тазалықтың нышаны болуы керек», — деді қала тұрғыны.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеороликтің астына халық пікірлерін білдірді.

«Құрбан айтта халықтың қалтасын қағып, 5 мыңға сойса да болады. Қанағат қалмады. Мүмкін болса ақша табудың амалын жасап жатқан адамдар. Тазалықты сақтауға болады тым болмаса. Өркениетті елдердің қатарына кіреміз деп елпілдейміз. Құрбан айтта таза мал союдың да ретін келтіре алмай отырғанда басқа не айтуға болады».

«Кұрбан айтта сауап алам деп жатқан адам жоқ, дәл сол кезде бәрі қымбаттап кетеді, көп адам биік үйде тұрған соң осылай сойдырады, неге бір баға қоймайды?».

Алматы базарындағы тазалыққа кім жауап береді? Әсіресе, Құрбан айт мерекесінде халық жаппай жиналатын орында малды сойып, қан ағызу барысын кім бақылайды? Алматы базарлары қаншалықты жиі тексерістен өтеді? Осы сауалдарды Алматы облысының санитариялық-эпидемиялогиялық департаментіне жолдадық.

«Негізінде бұл біздің міндетімізге жатпайды. Мал сою және мал базарлары бойынша ветеринарлық-санитариялық қызмет жауап беруі тиіс. Базарларға Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес бақылау және қадағалау жүргізіледі. Шағымдар түскен жағдайда жоспардан тыс тексерулер, бұдан басқа профилактикалық бармай бақылау, берілген рұқсат құжаттардың сәйкестігіне тексеру жүргізіледі», — деп жауап берді баспасөз қызметінде.