"Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада тайраңдайды": Заңгер ұлттық киіммен жартылай жалаңаш шыққандарды жазалуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада тайраңдайды": Заңгер ұлттық киіммен жартылай жалаңаш шыққандарды жазалуды сұрады

"Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада тайраңдайды": Заңгер ұлттық киіммен жартылай жалаңаш шыққандарды жазалуды сұрады

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек сахна мәдениетін сақтауды талап етті.

  • 18 Маусым
  • 108
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы заңгер Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңгер ұлттық нақыштағы киімді киіп, сахнада жартылай жалаңаштанып, ән салып, би билеп жүрген «жұлдыздарды» қатаң жазалауды талап етіп отыр.

«Уа, Олжас Бектенов басқарып отырған “Естуші Үкімет”!

Ұлттық мәдениетініміздің атрибуттарын қорлап, ұлттың ашуына тиетін провокаторларға қатаң заң керек!
Қылмыстық кодекстің 174 бабына өзгерістер енгізу керек!
“ Ұлттық нақыштарға” деген сөзді қосу керек!
Өзбекстан, Қырғызстанда бұларды осылай бұттарын ашып талтаңдатып билетіп қоймайды.
Ал Қазақстанда әркім білгенін істеп жатыр.
Бұл арсыздарға “тоқта” деп айтатын бұл елдің үкіметі қайда қарап отыр?

Мәдениет министіріміз Aida Balayeva ханым!

Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада, экран беттерінде осылай тайраңдайды?

Қолына микрафон ұстағандармен емес, бұтын ашып ұлтты қорлайтындарға қарсы күресті күшейтіңіз!

Ал әзірше, ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабымен іс қозғаңыздар Ержан Саденов мырза!
Ұлттың арасында алауыздық туғызғаны үшін, бұлар жәй кешіріммен құтылып кетпеу керек!

Етегі жиналмайтын, кім көрінгендер қорлай беретін сорлы ел болдық!», деп жазды.

«Ұлттық құндылықтарымызды келемеждеп, ұлттық тілге тиіскендерді миллионнан жоғары айыппұл салып, 15 -45 күн аралығында абақтыға қамап тәртіптік жұмымқа жегу керек!», «Қазақты іштен ірітіп, адастыру сұмдық жүріп жатқанға ұқсайды», «Жаман болдым мынаны көріп, ғаламторда анау түсіріп жүрген еркектіде аямау керек, заңды түрде жазасын алса осындайлар. Ұлттық құндылықтарға қол салуға жол бермеу керекпіз кім болса да», деп, заңгерді қолдап, халық та наразылық білдірді.