"Бұрынғы күйеу, бұрынғы жігіт" дегендер бәле болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұрынғы күйеу, бұрынғы жігіт" дегендер бәле болды

"Бұрынғы күйеу, бұрынғы жігіт" дегендер бәле болды

Бұрынғы жігіті қызды аңдып жүріп,ақыры ойлағанын істеді. Кіреберістегі баспалдақтың астында жасырынып күтіп тұрған қаскөй жас қызды пышақтап тастаған еді.

  • 19 Маусым
  • 23
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы күйеу, бұрынғы жігіт дегендер бәле болды ғой, деп қыздардың қорғансыздың күйін кешіп жүргеніне пікір білдірді Гүлмира Абықай өзінің фейсбук парақшасында. Бұл туралы айту керек, жазу керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Күн сайын кемінде бір жаға ұстатарлық жағдай орын алатын елге айналдық. Ұстайтын жағамыз да қалмай барады. Күні кеше Германияда жоғалып кеткен судьяның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Туысқандарының айтуынша, ол күйеуі мен енесінен зәбір көріп келген. Алайда ол туралы ешкімге тіс жарып айтпаған. Отбасын қалай болса да сақтап қалғысы келген. Ортақ балалары болғанын пайдаланған күйеуі осылайша қысым көрестіп көрсеткен. Баласына Ресейдің азаматтығын алған. Алайда қазақстандық судья қарсы болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әйелдің өліміне күйеуінің қатысы болуы мүмкін деген де болжам бар.

9 күн бұрын Атырауда бұрын бірге тұрған әйелін пышақтап тастаған еркек ұсталды. Өзі Өзбекстанның азаматы екен. Оның паспорты бар ма, құжат мерзімі дұрыс па?

Күйеуі болғанда бұрын бірге тұрған азаматтық некедегі жігіті. Ресми неке тұрмағанның аты «сожитель» ара-тұра ұрыс-төбелес, ақыры қыз бойын аулақ салады. Аралары ажыраған соң , кегі ішінде жүрген жігіт ұмытпай Өзбекстаннан арнайы келіп, өш қайтарды.

Бұрынғы жігіттер мен күйеуден сақтана алмайтын қоғамға айналып барамыз. Тіпті басқа елден іздеп келіп, өлтіріп кететін жағдайға жеттік. Енді қыздар қалай қорғануға тиіс? Үйден шығуға, жұмысқа баруға қорқып қалды.

«Қыз мынадай адам емеске қосылмай қайта құдай сақтаған екен. Қыздар, жүріп жүргенде ұрсып қол көтерді ма бірден без! Кектесіп тисе ме ұялма, қорықпа полицияға арыз жаз! Заң жапа шеккендер жақта екенін ұмытпа!», — деді журналист.