"60-қа келген шалдар шортик киіп жүреді": Мәжіліс депутаты орамалды емес, шалдарды сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"60-қа келген шалдар шортик киіп жүреді": Мәжіліс депутаты орамалды емес, шалдарды сынады

"60-қа келген шалдар шортик киіп жүреді": Мәжіліс депутаты орамалды емес, шалдарды сынады

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қазіргі қоғамда үлкен талқылауда тұрған діни киімге қатысты айтты.

  • 20 Маусым
  • 187
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Abay Live бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық мәселе болып тұрған діни киімге тыйым салына ма?

Бағдарлама барысында, Мәжіліс дептуаты Еділ Жаңбыршин өз ойымен ашық бөлісті:

Орамал тағу ата-бабаларымыздан бар нәрсе. Орамал тағып, ұзын етек киіп жүру деген. Біздің шешелеріміз жалаңбас емес. Хиджаб, никаб кию біздің дәстүрімізде жоқ нәрсе. Хиджаб демей, орамал деп айтса жетеді ғой. Өзбекстан, Түркменстанның қыздар тақияларын киіп алады, тым жақсы етіп. Бізде де кисе болады. Тек, өз қалауымен, өз жүрегімен қалауы керек.

Сонымен қатар, қазіргі таңда замануи деп киім үлгіні де киіну мәдениетін тілге тиек етті.

Мен түсінбеймін, 60-қа келген шалдар шортик киіп жүреді. Ерсі ғой. Мысалы, мына кісі шортик пен футболкамен отырса, ерсі ғой, ұят емес па? Келін бар, немерелері бар. Ол — мәдениет жалпы айтқанда. Біз орамалды айтпай-ақ қояйықшы. Ер адамдарды айтайық. Адам деген жан-жағына қарау керек, деді.