Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады,

  • 20 Маусым
  • 13
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге», — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 549,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 487,5 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 61,8 миллиард теңге бағытталған.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 383 мың адам.