Биыл ChatGPT чаты қазақ тілінде іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл ChatGPT чаты қазақ тілінде іске қосылады

Биыл ChatGPT чаты қазақ тілінде іске қосылады

Қазір аталған чатты қазақ тілінде қолжетімді ету бағытында жұмыстар жүріп жатыр.

  • 21 Маусым
  • 5
Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

«Әрине, ол өте маңызды жоба. Біз QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз, ол қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель. Қазіргі таңда Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Токендерді жинап жатырмыз, қазіргі уақытта 6 млрд-қа жуық токен жиналды. Біздің мақсат, жыл соңына дейін 100 млрд токен жинау. Биыл желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп отырмыз», — деді Жаслан Мәдиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

қазақ тілі
Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Қазақстанда ChatGPT чатының баламасы жасалатыны туралы хабарлаған едік.