Блогер мұндай әрекетке мүлдем қарсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Балалардың қай мұғалімімен де тек сәлемім түзу. Ешқашан жеке хабарласып, баға, балама жылы жеке қатынас сұраған емеспін. Керек десеңіз мектебіміздің завучы көршіміз. Ол кісімен де көріскенде тек түп түзу аман-саушылық сұрасу. Балаларымның бойында да мұғалімге жағыну, белсенді болу арқылы көзге түсу жоқ. Ондайды еш құптамаймын. Өркениетті елдерде ұят саналады. Балаларды жағымпаздыққа үйретпейік, достар!», — деп жазды блогер.