Спорттық құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорттық құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасына барады

Спорттық құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасына барады

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен спорттық құзға өрмелеу бойынша жарыста қазақстандық Әмір Маймұратов Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды.Қазақстандық спортшы финалдық раундта екінші орын алған еді. Бұл нәтиже оған Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік жасады.

  • 23 Маусым
  • 42
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, Маймұратов таяуда ғана 15 метрлік қабырғада Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Дүбірлі додаға 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. 

Қазақстандық спортшылар Жазғы Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері өатысып келеді.

Қазірге дейін барлығы 71 медаль еншілеген. Оның 14-і – алтын, 21-і – күміс, 36-сы – қола. Олардың арасынан былғары қолғап шеберлерінің жеңіс тұғырынан көрінгені көп жайды айғақтайды.