Тележүргізушінің айтуынша, ол мұнымен он ай бойы күресіп келген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист бір жылға жуық уақыт бойы аты мен отбасы үшін күрескенін жасырмады.
«Қайырлы таң,қымбатты оқырмандарым! Таныс болыңыздар! Бұл-адвокат Карпеева Арайлым Қамбарқызы. Астана қаласының адвокаттар алқасы құрамындағы қорғаушы. 10 ай бойы менің адал атым үшін, отбасым үшін күрескен кәсіби біліктілігі өте жоғары маман. Азаматтық, әкімшілік,қылмыстық істерді де қатар жүргізе білетін адвокат. Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет ұстазы. Өткен тікелей эфирлерде сөз бердім ғой, волотерлық бастама көтеріп, сіздерден келіп түскен сұрақтарға адвокаттар жауап береді деп… Айттым!Бітті!Орындаймыз!
Бүгінгі тақырып:”СТАЛКИНГ,КИБЕР-СТАЛКИНГ”
Егер белгілі, тіпті сізге белгісіз бір адам ізіңізден түсіп, сіз туралы ақпарат жинап, жолыңызды торуылдап, әлеуметтік желіде болсын, off-line болсын өміріңізді бақылап, мазаңызды алып жатса, бұл-сталкинг! Осыдан қалай қорғануға болады? Міне, осы сұраққа Арайлым Қамбарқызы менің парақшамда өтетін тікелей эфирде жауап береді», — деп түсіндіріп өтті ол.
Айда кетейік, тележүргізуші бұған дейін өзінің екінші некесі сәтсіз болғанын және күйеуімен соттасып жатқанын мәлімдеген еді.