Алматыда апатқа ұшыраған автобустың ішінде болған жолаушылар ол өте үлкен жылдамдықпен келе жатқанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл қайғылы оқиға қала ішіндегі жолаушылар тасымалдайтын автобустардың жылдамдығын төмендету қажеттігін тағы да көрсетті. Оларға сағатына 40 км жүру жеткілікті.
Бұл туралы журналист Алексей Алексеев пікір білдірді.
«Күн сайын автобустардың екінші қатардан бұрылғандарын байқап жүрмін. Олар аялдамаларға емес, екінші қатарға келіп тоқтайды. Тіпті бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кетеді. Үлкен жылдамдықпен қозғалады.
Әрине, бұл оқиғада Киа автокөлігінің жүргізушісі кінәлі екені белгілі. Дегенмен, кез келген дені дұрыс жүргізуші жол қиылысына жақындаған кезде жылдамдықты азайту керек екенін біледі. Қызылдан өтіп, жолды кесіп кеткісі келетін адамдар жеткілікті.
Иә, алдын ала ешнәрсе болжай алмаймыз. Дегенмен, біз ең алдымен қоғамдық көліктегі жолаушылардың қауіпсіздігін ойлауымыз керек. Өйткені олар көп.
Автобус – ең қауіпті көлік түрі. Себебі олардың қауіпсіздік белдігі жоқ. Саны көп. Нәтижесінде осал топ болып табылады.
Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің жылдамдығын шектеуіміз керек. Бүгін жолаушылардың бірі басқалардың қателігінен қаза тапты. Зардап шеккендер де жеткілікті. Мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбауы керек. Қала тұрғындар үшін қауіпсіз болуы керек», — деді журналист.