Бұл туралы оның әріптесі Санди Сұлтан жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Индира Жылқайдарова өмірден өтті. Біз бірге 7 арнада жұмыс істегенбіз. Индира өте мейірімді, ақкөңіл, әрдайым күліп жүретін, өз ісіне берілген мықты журналист еді.
Бірге жұмыс жасаған жас әріптесің туралы мұндай хабарды алу ауыр екен. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын”, — деп жазды журналист.
Хирург дәрігер Динара Сәменова марқұм журналистің 2021-ден қатерлі ісікпен күрескенін айтты.
”2021-ден бері күрестік. Индира өте әділ, шыншыл, аурумен күресе білген, отаны қайсар түрде өте білген жан еді. Ұсыныс жасаған кезінде маған жүзігін көрсеткен еді”, — деді дәрігер.
