Қонаевта жер қытайларға берілген: әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаевта жер қытайларға берілген: әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Қонаевта жер қытайларға берілген: әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 гектар болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайды түсіндірді.

  • 27 Маусым
  • 19
© Sputnik/Ертай Сарбасов

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Тарқатып айтсақ, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектар. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан учаске, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Қазір №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етеді. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орын аталған инвестжобаның құрамына енген.

«Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда қос тарапқа оңтайлы шешім шығару бағытындағы жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді»,- делінген хабарламада.

Оның айтуынша, қаланың бекітілген Бас жоспарына сәйкес, шаһардағы 9 жағажайды да абаттандыру көзделіп отыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.