"Тозаққа дайындық": Рысмендиев әйелдерді отпен жүргізіп, рухтандырады-мыс - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тозаққа дайындық": Рысмендиев әйелдерді отпен жүргізіп, рухтандырады-мыс

"Тозаққа дайындық": Рысмендиев әйелдерді отпен жүргізіп, рухтандырады-мыс

Рысмендиевке алданғандар оған "сөзге жатып алған" деп атақ берген.

  • 27 Маусым
  • 148
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бизнес-тренер Аманжол Рысмендиев тығырыққа тірелген халықтың ақша десе, отқа да, суға түсетінін әбден зерттеп, білген сыңайлы.

Ол кезекті тренигтерінің бірінде әйелдер қауымын отпен жүргізген. Тренингке қатысқан Жасмин есімді азаматша «Ағамыздың курстары рухани жігерімді жинақтап, еш нәрседен қорықпауға (рухани тұрғыдан) жігерлі болуға үйретті», деп отпен жүгіріп өткен видеосын желіге жүктеген.

Видеода көрініп тұрғандай, Аманжол Рысмендиев бірнеше әйелді тұрғызып, «рухтандырып» отпен жүргізген. Олардың қатарында орамалды азаматшаны да, ер азаматтарды да көруге болады.

Бірақ, оқырмандар бұл әрекетке таңдана, күле қарады.

«Тозаққа дайындап жатқандай», «Құйқаның иісі шығып кетті», «Әйтеуір әр нәрсеге сене беретін қазағым», «Адамдар соншалықты тупой ма», «Индийский кино түсірейін деп жатыр ма?», деген сынды пікір жазды.

Айта кетейік, халыққа белшеден қарыз Рысмендиевтің ісі алаяқтық бойынша жазған болатынбыз.