"Ұятсыз әйел – тұзсыз ас": "Меломен" тобының әншісі тағы да желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұятсыз әйел – тұзсыз ас": "Меломен" тобының әншісі тағы да желіні шулатты

"Ұятсыз әйел – тұзсыз ас": "Меломен" тобының әншісі тағы да желіні шулатты

Қоғамда әйеліне қол көтеріп ажырасып кеткен “Меломен” тобының әншісінің өмірі қызу талқыланып жатыр.

  • 27 Маусым
  • 177
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. 

“Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”, – деп жазды Ғабит Бибасыұлы. 

Желі қолданушылары жасап жүрген іс-әрекеті еркектікке жатпайтынын жарыса жазып жатыр. Араларында әншінің су жаңа әнін де сынап жатқандар табылды. 

“1045 ән арнап ақталсаң да, әйеліңді ұрғаның рас”, “Жақтап өліп жатқандар тиіп алыңдар, басы бос”, “Әйел – Алланың аманаты. Қандай жағдай болмасын әйелін ұрған еркек – тікелей Аллаға қарсы шыққаны”, “Әндерінің бәріне байкот жариялау керек”, “Бала-шағасына көмек бере алмайтын еркек екенсің”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.