400 теңге: Алматыда автобус жолақысы қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
400 теңге: Алматыда автобус жолақысы қымбаттауы мүмкін

400 теңге: Алматыда автобус жолақысы қымбаттауы мүмкін

Алматылықтар үшін қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттауы мүмкін.

  • 28 Маусым
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Алматының жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығы қаланың қоғамдық көлігінде жол жүру тарифін көтеру қажет деген талап қойып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Нақты құнын 400 теңгеге көтеру.

Оның себебін былай түсіндірді: Автобустар мен оларға қосалқы бөлшектердің құнын жабуға, қойылатын талаптарды орындауға кететін шығындарды өтеуге жетпейді. Бүгінгі күні қолма-қол ақшасыз төлем — 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен 200- теңгені құрайды. Яғни, қоғамдастық үшін бұл төлем жеткіліксіз, әрі тиімсіз.

2023 жылы қала әкімдігі тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға 68,7 млрд теңге бөлді. Ал биыл 97 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді деген болжам бар.

Қорытындылай келе, Алматы қаласының жолаушылар тасымалы қоғамдық көліктердің қазіргі тарифі тиімсіз екенін алға тартып, көңілдері толмайтынын білдірді. Айтуларынша, қазіргі бағалар көлік паркін жаңартуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін де өтей алмайды. Өйткені тасымалдау сапасы мен экологиялық тазалығына қойылатын талаптар үнемі өсіп отырғанын атап өтті. Қала әкімдігі субсидияларды тасымалдаушылардың шығынын өтеу үшін бөледі, бірақ автобустарды дамыту мен жаңартуды ынталандыру үшін тарифтерді қайта қарау қажет. Жалпы, көлікті дамыту жоспарларында маршруттарды қайта қарау, қоғамдық көліктер желісін кеңейту және жаңа желілерді салу қарастырылған. Бұл тағы қосымша қаражатты қажет етеді.