Астана ШЫҰ саммитіне дайындықты бастап кетті. Кімдер келе жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана ШЫҰ саммитіне дайындықты бастап кетті. Кімдер келе жатыр?

Астана ШЫҰ саммитіне дайындықты бастап кетті. Кімдер келе жатыр?

«Астанада ШЫҰ саммиті өтейін деп жатыр» деген әңгімелерді естіп жатқан боларсыздар.

  • 28 Маусым
  • 29
Фото: ашық дереккөз

Бұл бір еліміз үшін атаулы оқиға болғалы тұр. Астанада күштік құрылым өкілдері күшейтілген тәртіпке көшті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бүгіннен бастап қаланың бірнеше ауданында («Есіл», «Нұра», «Алматы») көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де көше қозғалысында шектеулер болады. Кейбір стратегиялық маңызы бар ғимараттарда күзет күшейтіліп, блокпосттар да қойылған. 2-4 шілде аралығында Есіл, Нұра және Алматы аудандарында да осындай шектеулер енгізіледі.

Мұның бәрі ШЫҰ саммитіне дайындықтың барысы. Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қарулы күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстары қолданылып жатыр.

Бүгін Астана тұрғындары бір топ әскери ұшақтардың ұшып бара жатқанын байқаған. Видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Қала әкімшілігі тұрғындарды дайындық шараларына түсіністік танытуға шақырып отыр.

Кімдер келгелі жатыр?

Алдын ала ақпарат бойынша, 16 елдің президенттері мен премьер-министерлері қазақ жерінде қонақ болады. Оның ішінде Түркия, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Иран, Үндістан, Қатар, Әзербайжан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттердің басшылары бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы мен өзге де халықаралық ұйымдардың жетекшілері келеді деген ақпарат бар.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымы» (ШЫҰ). Бұл ұйым 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Сол уақытта Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері тұрақты жұмыс жүргізуге ниет танытып, үкіметаралық халықаралық ұйым түрінде құрылған болатын. Содан бері бұл елдер тату көрші болуды, саясатта да, сауда-экономика, білім-ғылым, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау секілді басқа да салаларда ынтымақ орнатып, бір-біріне жәрдем етуді көздейді. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салады.

Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға 9 мемлекет мүше. Олар:

  • Үндістан;
  • Иран Ислам Республикасы;
  • Қазақстан;
  • Қытай Халық Республикасы;
  • Қырғыз Республикасы;
  • Пәкістан Ислам Республикасы;
  • Ресей Федерациясы;
  • Тәжікстан;
  • Өзбекстан.

3 ел ШЫҰ аясында бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие. Олар:

  • Ауғанстан Ислам Республикасы;
  • Беларусь Республикасы;
  • ⁠Моңғолия.

4 шілде күні Астанада басталатын шараға Қазақстан басшылық етеді. Яғни Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысы өтеді.

Осыған орай, Қазақстанның хаықаралық аренадға орны туралы жазған материалымызды оқи отырыңыздар.