Елімізде Сот-сексология сараптамасы енгізілетін болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Әділет министрлігі халықаралық тәжірибені талдап, зерттеудің жаңа түрін енгізуді бастап кеткен. Сараптаманың бұл түрі адамның психология портретін жасап, жыныстық әрі психо-сексуал дамуында қандай да бір ауытқудың бар-жоғын анықтайды.
Педофилдерге тән белгілер айқындалып, соның қорытындысы бойынша химиялық кастрация жазасын қолдану мәселесі де шешіледі. Тексеріс күдікке ілінген азаматқа құқық қорғау органдарының сұрауымен жүргізіледі.
«Сот сараптама орталығының Астанада үш қызметкері курс оқып, Беларусь елінде біліктілігін жетілдіреді. Аталмыш сұрақ мәселесінің әдістемесін әзірлеп жатырмыз. Құқық қорғау органдарынан бізге осындай сұрау келіп түседі, «күдіктінің қандай да бір ауытқуы бар ма?» деп. Бұған дейін бізде мұндай қызмет жоқ болды. Жыл аяғына дейін енгізсек деген жоспарымыз бар», — ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.