Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алу рәсімін Jibek Joly мен Silk Way тікелей эфирде көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алу рәсімін Jibek Joly мен Silk Way тікелей эфирде көрсетеді

Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алу рәсімін Jibek Joly мен Silk Way тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімін қазақстандық екі телеарна тікелей эфирде көрсетеді.

  • 3 Шiлде
  • 19
Коллаж: Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

JIbek Joly және Silk Way телеарналарында тікелей эфир сағат 10.00-де басталады. Сондай-ақ трансляцияны Kazinform сайтынан да көруге болады.

Бұған дейін хабарланғанындай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды.

Әуежайдағы қарсы алу салтанатында бірнеше қазақ баласы қытай тілінде ән шырқап, жылы лебізін жеткізді. ҚХР төрағасы балаларға ризашылығын білдіріп, болашақта Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды.

Сондай-ақ Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Бір-біріне басты сауда-экономикалық серіктеске айналған қос мемлекеттің басшыларының кездесуінде қандай мән бар? Kazinform тілшісінің сараптамасын оқи отырыңыз.