Алматыда ауаның ластануы кейінгі үш жылда ең жоғары көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ауаның ластануы кейінгі үш жылда ең жоғары көрсеткішке жетті

Алматыда ауаның ластануы кейінгі үш жылда ең жоғары көрсеткішке жетті

Бұл былтырғыдан 6%-ға немесе 2,5 мың тоннаға көп.

  • 3 Шiлде
  • 12
Фото: ашық дереккөз

2023 жылы қаладағы кәсіпорындардан атмосфераға 44 мың тонна ластаушы зат бөлінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Ластаушы заттардың жартысына жуығы күкірт диоксиді және азот тотықтары құрайды. Бұл қаладағы ЖЭС-дың Екібастұздық көмірді пайдалануына байланысты. Көмір жанған кезде, күкірт диоксиді көп мөлшерде түзіледі. 

Экология министрлігінің хабарлауынша, Алматыда 90 пайыз ауаны ластаушы — көлік құралдары. Әсіресе, автомобильдер 77%-н құрайды. Ескі көліктер парниктік газ шығарындысын көп бөледі.

Өңірлер бойынша ауаны ластаушы заттар ең көп бөлінген облыс — Павлодар (694 мың тонна) мен Қарағанды (455 мың тонна).

2023 жылы республикадағы атфосферада қорғасын – 243,5 тонна, марганец – 71,3 тонна, мыс оксиді – 109,1 тонна, күкірт қышқылы – 384 тонна, хлор — 46,7 тонна, сынап – 166 келі анықталған. Бірақ ауаны ластаушы заттар шекті нормадан асқан жоқ дейді Ұлттық статистика бюросы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша, үнемі ластанған ауаны жұту адамның өмір сүру ұзақтығын 8-10 жылға қысқартады.

90-жылдардың басында атмосфераға жыл сайын шамамен 6 миллион тонна ластаушы зат бөлінген. 50% жылу энергетикасынан, 20% қара металлургиядан, 13% түсті металлургиясы, 4% химия және мұнай химиясы.