Әлемдегі ең биік Бахтиари бөгеті бар. Ирандық компания Қазақстанда осындай ГЭС салып бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең биік Бахтиари бөгеті бар. Ирандық компания Қазақстанда осындай ГЭС салып бермек

Әлемдегі ең биік Бахтиари бөгеті бар. Ирандық компания Қазақстанда осындай ГЭС салып бермек

Биылғы су тасқыны еріген қар суын қауіпсіз өткізу және одан әрі тиімді пайдалану үшін жаңа су қоймалары қажет екенін көрсетті.

  • 4 Шiлде
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің сайтында ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездескен. Әли Акбар Мехрабиан ирандық компаниялар Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанда әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын – «Бахтиари» ГЭС-ке ұқсас ауқымды жобаларды іске асыруға ниетті екенін айтты. Сондай-ақ, министр Иран суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологияларын ұсынуға дайын екенін және бұл булану себебінен болатын шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Нұржан Нұржігітов өз кезегінде мұндай жобалар Қазақстанның оңтүстік өңірлері – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары үшін қажет екенін атап өтті.

«Биылғы су тасқыны еріген қар суын қауіпсіз өткізу және одан әрі тиімді пайдалану үшін жаңа су қоймалары қажет екенін көрсетті. Ирандық компаниялар өте табысты жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олардың жұмысының тиімділігін көргендіктен ирандық әріптестерімізбен тығыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайынбыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.