Қазақстанға құрғақшылық қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға құрғақшылық қаупі төніп тұр

Қазақстанға құрғақшылық қаупі төніп тұр

Биыл құрғақшылық болады деген аймақтардың ауқымы едәуір кеңейе түсті.

  • 5 Шiлде
  • 9
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың шілде айындағы құрғақшылық болжамының жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сарапшылардың пікірінше, атмосфералық құрғақшылық қаупі төнген аумақтардың ауданы қарқынды өсуде.

Метеоқызмет мамандарының мәліметінше, шілденің шіліңгір ыстығы Батыс Қазақстан мен Оңтүстік өңірлерде қатты сезіледі.

Құрғақ ауа райы, әсіресе, Жамбыл, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарына болады деп болжануда. Ал бұған дейін кенезесі кепкен Орталық Қазақстан облысында ылғалды ауа райы күтіледі.

Шілдеде мына өңірлерде құрғақшылық болады:

— Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында;

— Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Ақжайық және Бөкей орда аудандарында;

— Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин, Ыргыз және Ойыл аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;

— Абай облысының Аягөз ауданында; Алматы облысының Балқаш ауданында;

— Жетісу облысының Алакөл ауданында;

— Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында;

— Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Шардара, Жетісай және Бәйдібек аудандарында;

— Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласы аумағында;

— Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының басым аумағында.