«Кімді үлгі етіп жүрсіңдер?»: желіде трансгендер блогердің Алматыға сапары қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кімді үлгі етіп жүрсіңдер?»: желіде трансгендер блогердің Алматыға сапары қызу талқыға түсті

«Кімді үлгі етіп жүрсіңдер?»: желіде трансгендер блогердің Алматыға сапары қызу талқыға түсті

Трэвел блогер және трансгендер Дэвин Халбал Қазақстанға келіп, Алматыда өз жанкүйерлерімен кездесу өткізді.

  • 7 Шiлде
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Ол TikTok-тағы парақшасында Алматыдан бірнеше видео жариялады. Жарияланым астындағы комментарий қалдырған қазақстандықтар блогердің Қазақстанға келуіне наразылық білдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанға жасаған сапары барысында блогер өз жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырды. Желідегі видеоларға қарағанда, блогермен кездесуге көп адам жиналған.

Посттың астындағы пікір қалдырғандар екіге бөлінді: егер кейбіреулер оны қолдаса, екінші бір топ оның Қазақстанға келгеніне наразы.

«Жастар, сіздер кімді үлгі етіп жүрсіздер? Ояныңыздар!», «Егер олар қандай да бір әнші, актер, спортшы үшін осылай жүгірсе, мен түсіністікпен қарар едім», «Бұл біздің болашағымыз үшін өте қорқынышты жағдай, өте өкінішті жағдай», «Мына жасөспірімдерде ешқандай даму, ешқандай құндылықтар жоқ. Олар тек энергиясын қайда жұмсарларын білмей жүр» деп жазды желі қолданушылары.