Қадымнан қазірге дейін домбыра қазақтың музыкалық мәдениетінің символы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, елімізде бірде-бір маңызды іс-шара домбырасыз өтпейді. Жыл санап домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп, сан түрлі халықаралық байқау, фестивальге қатысып, бүкіл әлемге ұлттық аспаптың абыройын асқақтатып келеді.
Бабадан балаға мирас болған асыл қазынаны дәріптейтін бұл мереке ырыс-құт, бақ-береке, баянды бақыт әкелсін!