Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Отандасымыз төртінші кезеңде әлемдік рейтингте 18-орында тұрған, ресейлік Анна Калинскаяны екі сетте ұтса, ширек финалда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Элина Свитолинаны да оңай ұтты. Рыбакина екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда отандасымыз чехиялық Барбора Крейчиковаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген Юлия Путинцева төртінші кезеңде Елена Остапенкодан ұтылып қалған еді.