"Бір пәлеге душар болмасын": Гүлзира Айдарбекова алғаш рет қамаудағы ұлының жағдайымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір пәлеге душар болмасын": Гүлзира Айдарбекова алғаш рет қамаудағы ұлының жағдайымен бөлісті

"Бір пәлеге душар болмасын": Гүлзира Айдарбекова алғаш рет қамаудағы ұлының жағдайымен бөлісті

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова алғаш рет ұлының жағдайымен бөлісті.

  • 11 Шiлде
  • 1038
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Продюсер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында айтты.

«Ол аздай, бар айтып жатқаны мамам жыламасыншы деген сөз ғана дейді. Басымды тік ұстаймын жыламаймын десем де ішім өртене берді ғой, әлсіз екенмін. Әсіресе ұйықтар алдында, ұйқыдан тұрғанда келіп қалғандай бөлмесінің есігін ашып қараймын да, не істеп жатыр екен, жүрегі шыдар ма екен деген ой миымда тұрып алады ғой. Алданайын деп шақырған тойларға да барып жатырмын арасында, тек аянышты көзбен қарамаса екен деп барамын. Тойға жарқ етіп кіріп келетіндей елестеп кетеді де шығып тығылыып жылап алам да, Құдайдан күш қуат сұраймын. Алла оған өмір берсін, абыройын түсірмесін! Алла қаласа бәрі жақсы болады. Тек бір пәлеге душар етпей адалынан шығарса болды», — деп жазды ол.