Алматы маңында жол апатынан 21 жастағы мопедші қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңында жол апатынан 21 жастағы мопедші қайтыс болды

Алматы маңында жол апатынан 21 жастағы мопедші қайтыс болды

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаның бейнежазбасы тарады. Онда мопедпен жол апатына ұшыраған жас жігіттің мерт болғаны айтылады.

  • 11 Шiлде
  • 4
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының Полиция департаменті айтылған оқиға Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.-.

«Мопедтің қатысуымен жол апаты 10 шілде күні Тұздыбастау ауылында болған. Жүргізуші рульді басқара алмай, мопедтің аударылуына жол берген. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз», — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.